• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы  №19 

299 рет
көрсетілді

2016 жылғы 16 қаңтар,Астана қаласы Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жариялау үшін жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Комитет Төрағасы В.ЖҰМАҚАНОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ә. Исекешев 2016 жылғы 22 қаңтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздің комитеті Төрағасының 2016 жылғы 16 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі № Ашық деректер жиынтығының атауы Өзектендіру кезеңі Ұсыну мерзімі Дереккөздер (ашық деректер интернет-порталыныңа автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы) Жауап-ты тұлға 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы Қажеттілігіне қарай 2016 жылғы ақпан Ашық деректер интернет-порталы АЖО 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары және оқу орындары Қажеттілігіне қарай 2016 жылғы ақпан Ашық деректер интернет-порталы АЖО Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13147 болып енгізілді.